Қарым-қатынастағы байланыс түрлері
Қазіргі кезде тұлға аралық және топ арасында қарым-қатынас байланыс жасау жүйесі кең тұрғыда дамыған. Байланыс дегеніміз ақпарат алмасу, яғни реалды (шынайы) және виртуалды тұрғыда болады. Реалды коммуникация бұл кез-келген техникалық құралдардың көмегінсіз жүзеге асырылатын тікелей байланыс.
Виртуалды байланыс бұл интернет арқылы болатын жеке адамдардың қарым-қатынасы.
Интернеттегі (пошта, әлеуметтік желілер) автономды әлеуметтік қызмет түріндегі мәтіндік хабарламалармен алмасуда виртуалды өкілдігін (аккаунтын) құруы керек. Қазіргі уақытта әлемде бірнеше түрлі байланыс құралдары мен әдістері бар, және бұл үдерісте Интернет үлкен роль атқарады.
Қазіргі кезде қарым-қатынасты орнатудың бірнеше түрлері бар.
Желі арқылы бұл көптеген мәселелерді тез және тиімді шешуге көмектесетін әлеуметтік және кәсіби байланыстарды құру қызметі. Желідегі қарым-қатынаста іскерлік, кәсіби және күнделікті өмірдегі мәселелерді орындау немесе шешу тәсілдерін қолдануға болады.
Интернет - қарқынды дамып келе жатқан бұқаралық ақпараттық коммуникация құралы. 1991 жыл 17 мамырда WWW (World Wide Web) стандарты құрылған. Интернеттің қалыптасуы - ғаламдық компьютерлік желі арқылы қосылған адамдар арасындағы жаһандық байланысты арттыруда.
Желі арқылы орнатылған байланыстар электрондық пошта, ашық семинарлар, телеконференциялар, форумдар (адам санына байланысты олар әдетте белгілі немесе шектеулі деп аталады), мәтінді нақты уақыт режимінде жіберу (мысалы, чат), дауыстық хабарламаларда (телефония) және бейнекоммуникацияда (бейнеконференциялар) жүргізілетін операциялар қазіргі уақытта бизнесте, мультимедиялық сауданың, телемедицинаның дамуы, қашықтықтан білім берут.б. салаларда маңызды болып табылады.
- Әлеуметтік медиа - мұнда Сіз өзіңізді, жұмысыңыз туралы таныстырып қажетті адамдармен мақсатты түрде кездестіре аласыз.
- Достық пен жақсы қарым-қатынасты көптеген адамдар армандайды. Басқа адамдармен жақын байланыстар бақытты сәттерді әкеледі және қиын уақытта көмектеседі деп ойлайды. Өкінішке орай, біз адамдармен ортақ тіл таба алмаймыз, тіпті қалыпты қарым-қатынас жасай алмаймыз! Мұндай адамдар мен сөйлескеннен кейін ашу, ыза, жеккөрініштер пайда болуы мүмкін.
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың психологиясы қандай? Топта, ұжымда, тіпті өз таныстарыңызбен және достарыңызбен қалай жақсы қарым- қатынас орнатуға болады? Жаңа достарды оңай тауып, ескісін жоғалтпауға қалай үйренуге болады?
Достық рақат әкелетін жақсы қарым-қатынас құру және түсіну үшін алдымен ӨЗІҢДІ түсінуің керек.
Әркім өзінің мақсат-мұратына қарай дос-жарандар табады, яғни тең- теңін табады. Нағыз достық, адамдарға құрметпен қарау, Сізге қуаныш сыйлайтын мүмкіндіктер қарым-қатынас шеңберін кеңейтеді. Кейбір адамдар мұндай жақсы қарым-қатынасты өздері жасайды. Егер сіз күткендей қарым- қатынас болмаса, ол үшін ренжімеуіңіз керек, мұндай жағдайлар өмір сүруге үйретеді.
Интернет арқылы байланыс бұл виртуалды қарым-қатынастың, физикалық қарым-қатынастан айырмашылығы неде? Тікелей байланыстар нақты орындарға, тағайындалған немесе кездейсоқ кездесулерге бару арқылы жүзеге асырылады. Интернет арқылы байланыс Skype, Viber немесе Facebook қосымшалары арқылы бейне чат арқылы жүзеге асырылады.
Интернет байланысы тағы қандай жанды байланыстардан ерекшеленеді. Интернет арқылы басқа адаммен байланыс орнатуға арналған бағдарламалық құралдар жақсы дамығанына қарамастан, виртуалды шындықта Сіз шынайы қарым-қатынастағыдай толық әсер ала алмайсыз. Қазіргі заманауи технологияларда онлайн-чат арқылы сөйлесу арқылы сөйлесу кейде Сізді қанағаттандыратын ойыңызды жеткізетін жанды қарым-қатынас орындалмайды.
Тікелей бетпе-бет сөйлесу кезінде Сіз адамның ішкі күйін тани, мүмкін дос немесе серіктес бола аласыз.
Адаммен жанды қарым-қатынаста ортақ мүдделерді табу мүмкіндігі туындайды.
Адамды әлеуметтік тұрғыдан белсенді деңгейге жеткізетін ол шынайы қарым-қатынас.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының
аға оқытушысы Қ.Қ.Сайлинова
психология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Н.С. Жұбаназарова
психология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.М. Садыкова
Оставить комментарий